arasha.kz

Елімізде 1,5 млн адам тақыр кедей

Қазақстанда 1,5 миллион адам кедейшілікте өмір сүреді, сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі оларды бюджет есебінен міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандыруды ұсынып отыр.

Бұл туралы Мәжілісте өткен үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл үшін шамамен 70-80 миллиард теңге қажет.

Біз бес жыл бұрын (МӘМС туралы – ред.) заңды енгізген кезде әрбір азамат осы жүйеде болуы керек еді. Бес жылда үш миллионнан астам адам бұл жүйеге кірмеген. Отбасының цифрлық картасының негізінде олардың жеке нөмірі арқылы жүйеде жоқ адамдарды анықтап, сараптама жүргіздік, – деді министр.

Нәтижесінде, министрдің айтуынша, 3,3 миллион адамның 800 мыңы «берекелі отбасы», табысы және т.б. бар. Бірақ «белгілі бір себептермен бұл адамдар жүйеге кірмеген».

Халықтың жалпы декларациясы болған кезде біз оларды міндетті медициналық сақтандыруға тарта аламыз. Енді бұл адамдар қорға төлеп қана қоймайды, басқа да салықтарды еш жерде төлемейді, – деді министр.

Бірақ, оның айтуынша, шынымен қаржылық жағдайы қиын азаматтардың санаты бар. Ондағы дерек бойынша 1,5 миллион адам кедейшілікте өмір сүреді.

Бұлар негізінен ауылдан келгендер. Сондықтан бұл адамдарды бюджет есебінен сақтандыруды ұсынып отырмыз. Бұл әлі де сіздердің (депутаттармен –ред.), үкіметтің, басқа да органдардың қатысуымен талқыланып жатыр. Біздің есептеуіміз бойынша, бұл үшін шамамен 70-80 миллиард теңге қажет, – деп түйіндеді министр.

Arasha.kz

ФОТО: inbusiness.kz

Exit mobile version