Қазақстанда сыныптастары тарапынан қысым көріп, қорланған жасөспірім өзіне қол салды. Мектеп оқушысына қатысты қайғылы жағдайды полицейлер айтып берді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Мамыр айында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілетін баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар парламент мәжілісінде қаралады.
ІІМ өкілдері бала тәрбиесі мен оның психикасына теріс әсер ететін жайлардан сақ болуға шақырды.
«Тергеу тәжірибесінен нақты мысал келтірейін. Біздің еліміздегі мектептердің бірінде 12 жастағы оқушы футбол ойнай алмағаны үшін сыныптастары тарапынан қысым мен қудалауға ұшыраған. Футбол командасы бірнеше ойында жеңіліп қалып, оның кінәсін осы жасөспірімнен көрген. Бүкіл сыныптың футболды нашар ойнағаны үшін мазақ етуі баланың өзін – өзі өлтіруіне әкелді», – деді ІІМ басшысының бірінші орынбасары Марат Қожаев.
Жасөспірімдер арасындағы қылмысқа алаңдаушылық білдірген полицейлер балаларға абай болуды ескертті.
«Қазақстандағы криминалды қылмыс тарихы көрсеткендей, ең жиі кездесетін сериялық қылмыскерлерді балалық шағында отбасынан және ортасынан көп қудалауға ұшырағандар. Мұндай жағымсыз жайттар біздің қоғамда, әсіресе жасөспірімдер арасында көп орын алады»,- деді Қожаев.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024