18-02-25 |
970 рет қаралған
Елімізде 22 ақпаннан бастап екі жол ақылы болады.
Елімізде 22 ақпаннан бастап екі жол ақылы болады

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы №39 және №40 бұйрықтарына сәйкес «Қостанай – РФ шекарасы (Троицке) және «Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынборға) автожолдарының учаскелері автобус пен жүк көліктеріне ақылы болады.

Аталған жол учаскелері ақы алу жүйесіне 2025 жылғы 22 ақпаннан бастап іске қосылады.

1. «Қостанай – РФ шекарасы (Троицке)» автожолының 539-376 шақырым аралығындағы учаскесі (М-36). Жүргізушілерге «РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы» республикалық маңызы бар автомобиль жолы және «Қостанай – Рудный – Айет – РФ шекарасы» аудандық маңызы бар автомобиль жолдары арқылы баламалы жол ұсынылады.

Ақылы учаскенің ұзындығы 163 шақырымды құрайды. ІІ және ІІІ техникалық санаттан тұрады. Жүріп өту жолағының ені – кемінде 3,5 метр, қозғалыс жолақтың саны – 2 және 1 екі бағытта жолақ.

2. II санаттағы Ақтөбе – Мәртөк – РФ шекарасы (Орынборға) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға) 17+000 – 99+692 км учаскесі.

Жүріп өту Ақтөбе – РФ шекарасы (Орскқа) республикалық маңызы бар баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Ақылы жол учаскесінің ұзындығы 82 шақырым 692 метрді құрайды. Жол ІІ санатқа жатады, оның ені – кемінде 3,75 метр, ал жолағының саны – екі бағытта 1 жолақ.

Аркаларда орнатылған жоғары жылдамдықты камералар ақылы учаскелерде автомобильдердің қозғалысын, олардың жылдамдығы мен қарқындылығын тіркейді.

Автожолда төлем бекеттері болмайды, оның орнына ыңғайлы «ашық» төлем жүйесі қолданылады. Шлагбаумдар мен өткізу пункттері қойылмағандықтан кептелістер болмайды, бұл қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, сапар уақытын қысқартады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.