Қазақстандағы ең көп зейнетақы мөлшері белгілі болды. Елімізде айына 522 610 теңге зейнетақы алатындар бар.
2021 жылдың 1 ақпанына қарай БЖЗҚ 167 423 алушыға төлем жасады. Барлығы 73,8 млрд теңгеге 172 мыңнан астам зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері және сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды.
Оның ішінде:
- Біржолғы зейнетақы төлемдері — 49,6 миллиард теңге;
- сақтандыру ұйымдарына аударымдар — 9,1 миллиард теңге;
- зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлемдер — 6,5 миллиард теңге;
- мұрагерлік бойынша төлемдер — 5,9 миллиард теңге;
- тұрақты тұруға кетуге байланысты — 2,1 миллиард теңге;
- жерлеуге төленетін төлемдер — 0,4 миллиард теңге;
- мүгедектік бойынша төлемдер — 0,2 миллиард теңге.
Айта кетейік, кесте бойынша зейнетақы жасына жетуіне байланысты ай сайынғы орташа төлем сомасы 25 886 теңгені құрады, ал ең жоғарғы төлем — 522 610 теңге.