arasha.kz

Елімізде алаяқтар желідегі мәліметтер арқылы 210 адамның атына несие алған

Елордада алаяқтар 210 адамға онлайн-несие рәсімдеген. Азаматтардың жеке деректерін алаяқтар әлеуметтік желілерден алғаны анықталды.

«Қостанай облысы ПД киберқылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері шағын несие ұйымдарының бірінде онлайн-несие рәсімдеген елорданың екі тұрғынының азаматтарды алдау жүйесін анықтаған. Алаяқтар әлеуметтік желілерден азаматтардың дербес деректерін тауып, оларды пайдалана отырып, онлайн-несие рәсімдеді. Алаяқтардың әрекеті нәтижесінде еліміздің 12 өңірінен 210 адам зардап шекті. Несие 70 мың теңгеден  300 мың теңгеге дейін алынған», – деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Оның айтуынша, зардап шеккендердің көбі полиция өз аттарынан несие алынғанын полиция қызметкерлерінен білген, қалғандары SMS-хабарламалар мен микрокредиттік ұйымдардың қызметкерлерінен несие бойынша берешекті өтеу туралы қоңырау шалынғаннан кейін білген.

«Азаматтарға келтірілген материалдық шығын 26 миллион теңгені құрады. Ақшаны алаяқтар түрлі банктердің виртуалды карталарына шығарып отырған, оларды кейіннен букмекерлік кеңселердегі ұтысқа тігуге пайдаланатын», – деп нақтылады ол.

Қазіргі уақытта іске қатысы бар күдіктілер Қостанай тергеу изоляторына қамалды.

Exit mobile version