arasha.kz

Елімізде пандемия салдарынан табысынан айырылғандар өтемақы ала ма?

ҚР парламенті мәжілісінің белсенді депутаты Азат Перуашев жаңа бастама көтерді.  Ол үкіметтен коронавирус пандемиясы салдарынан жұмысынан және кірісінен айырылған азаматтарға өтемақы төлеуді сұрады.

Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысына көңілі толмайтынын айтқан Азат Перуашев халыққа төлемақы төлеу мәселесін қайта қарау керектігін алға тартты.

«Коронавирус пандемиясынан тек қана денсаулық сақтау саласы ғана емес, экономика да зардап шекті. Осы орайда пандемия салдарынан жұмысынан және табыс көздерінен айрылған азаматтарға өтемақы төлеу мәселесін пысықтауын сұраймын», – дейді Перуашев. 

Exit mobile version