27-01-21 |
1260 рет қаралған
Елімізде қағаз жүзінде ғана жұмысқа орналасқандар көп.
Елімізде қағаз жүзінде ғана жұмысқа орналасқандар көп

Халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша берілген есеп пен жасалған жұмыстардың арасында айырмашылық бар. Тұрғындар қағаз жүзінде жұмыспен қамтылып келген, деп хабарлайды Arasha.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Елімізде жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыруға 1 триллион теңге бөлінді. Бұл қаржының 98,2 пайызы игерілген. Бағдарлама халықты жұмыспен қамтуда және іскерлік белсенділікті қолдауда маңызды рөл атқарды. Бірақ ондаған, жүздеген мың жұмыс орындарының ашылғаны туралы мәліметті тексеру кезінде айырмашылық бар екені анықталды.

«Азаматтарды қағаз жүзінде ғана жұмысқа орналастыру белең алып отыр. Бірыңғай ақпараттық жүйеге бір адам туралы мәлімет қайта-қайта енгізіледі. Дәл осындай 15 мың жағдай тіркелген. Жұмысқа орналасты деген адамдардың үштен бірі зейнетақы қорына қаржы аудармаған болып шықты. Мұндай жағдай, әсіресе, Түркістан (79%), Қызылорда (43%) және Жамбыл облыстарында (36%) анықталып отыр. Жалпы, еңбекпен қамтылғандардың 40 пайызға жуығы «көлеңкеде» қалып қойған. Жұмыспен қамтудың жол картасына бөлінген 1 триллионнан небәрі 5,5 миллиард теңге салық төленген. Бұл – жарты-ақ пайыз деген сөз! Мемлекеттік кіріске жауапты органдар мәселені қатаң бақылауға алуы керек. Қажет болса, құқық қорғау органдарын да осы жұмысқа тартамыз», – деді мемлекет басшысы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.