arasha.kz

Елімізде техникалық мамандықтарға сұраныс артып келеді

Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты.

Оның айтуынша, кәсіптік-техникалық білімі бар жұмыспен қамтылғандардың үлесі жалпы жұмыспен қамтылғандар санының 49%-на жетіп, 17 пайыздық тармаққа ұлғайды. Экономика салалары бөлігінде кәсіптік-техникалық білімі бар қызметкерлердің ең көп саны сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және қоймалау салаларында басым болып, жалпы саны 2,5 млн адамға жетті.

Дегенмен, еңбек нарығында кәсіптік-техникалық білімі бар қызметкерлерге сұраныс өзекті болып қала береді. Техникалық білімі бар жұмысшыларға күтіліп отырған сұраныс жоғары білімі бар қызметкерлерге қарағанда айтарлықтай жоғары (70%).  2030 жылға дейін кадрларға сұраныс 1,8 млн адамды құрайды, оның 1 млн-ға жуығынан техникалық білім талап етіледі.

Exit mobile version