07-07-22 |
1240 рет қаралған
Елімізде жұмысшыға жалақы бере алмай отырған мекемелер көбейді.
Елімізде жұмысшыға жалақы бере алмай отырған мекемелер көбейді

Қазақстанда 500-ге жуық кәсіпорын 12,6 мың жұмысшығы қарыз.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары елімізде 499 кәсіпорнның 12,6 мың жұмыскердің алдында 2 млрд 845 млн теңгеден астам жалақы қарызы барын анықтады.

Оның 414-іне міндетін орындау жөнінде нұсқама беріліп, 67,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң сақталуы тиіс кестесі мен мерзімін белгілеу нәтижесінде 9,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сенсек, оларға 2 млрд 319,7 млн теңге төленді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.