Салық органы «Азия Авто» АҚ және «БИПЭК Авто Қазақстан» акциялар пакетінің иесі Анатолий Балушкинге іздеу жариялады.
Бас прокуратура порталының мәліметіне сәйкес, бизнесмен тергеуден жасырынып жүргендер тізімінде тұр.
Балушкинді Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік кірістер департаменті іздестіріп жатыр.
Forbes ақпараты бойынша 2020 жылдың желтоқсан айына дейін 65 миллиард теңге жинақтаған.
Өткен жылы Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Балушкин басқарған автомобиль концернімен ынтымақтастықты тоқтатқандықтан және компанияның 10 жыл ішінде алған преференциялары мен жеңілдіктерін 405 миллион доллар мөлшерінде қайтаруды талап еткендіктен дағдарысқа тап болды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдегендей, компания өндірісті жаңғырту бойынша өз міндеттемелерін орындамаған. Сот талқылауларынан кейін LADA және Kia шетелдік серіктестері «Азия Авто» кәсіпорнында өз автомобильдерін құрастыруды тоқтатты. Зауыттың 2 мыңға жуық қызметкері жұмыссыз қалды.