12-12-23 |
5660 рет қаралған
Елімізде жұмыссыз адамдар саны өсіп келеді.
Елімізде жұмыссыз адамдар саны өсіп келеді

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 206,6 мың адам болды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялаған мәлімет бойынша, биыл 186 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған.

«Төлемдердің жалпы сомасы 44,5 млрд теңгеге жетті», – делінген хабарламада.

Ал осыдан бір ай бұрын биылғы жылдың басынан бері жұмыстан босатылған қазақстандықтардың саны 19,7 мыңға аз болған.

«2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 172,3 мың адам болды. Бұл ретте биыл 166,3 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 37,8 млрд теңге болды», – делінген хабарламада.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.