20-08-24 |
5090 рет қаралған
Еліміздегі тұрғын үйлер жылыту маусымына дайын ба?.
Еліміздегі тұрғын үйлер жылыту маусымына дайын ба?

Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Халықтың және бюджеттік ұйымдардың көмірге деген қазіргі қажеттілігі туралы баяндалды – ол шамамен 8,6 млн тонна. Мамыр айының басынан бері 1 млн тоннадай жеткізілген.

Жалпы, бүгінгі таңда білім беру нысандарының дайындығы 88%-ды құрайды. Кестеден артта қалу көрсеткіші ШҚО, Қарағанды, Павлодар, Алматы облыстары мен Алматы қаласында тіркелді, деп атап өтті өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

Денсаулық сақтау нысандарының дайындығы  87%-ды құрайды. Тұрғын үйлер бойынша дайындық жұмыстары 34 169 үйде аяқталды – бұл жоспардың 68%-ы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.