Бүгінгі күнде «АЭС Қазақстан үшін қажет пе?» деген сұрақ жиі қойылатын болды. Оған, әрине, бірден «Иә, қажет» деп жауап беруіміз керек. Себебі, елімізде энергияға сұраныс жылдан жылға артып келеді, ал жаңартылатын энергия көздері бұл сұранысты толық қамтамасыз ете алмайды. Бұл туралы журналист, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ершат Асматов айтты.
Оның айтуынша, елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек.
«Бұл мәселе қоғамда жеткілікті талқыланып, білікті мамандар мен сарапшылар нақты факті-мысалдармен АЭСтің бізге ауадай қажет екенін дәлелдеп шықты. Яғни, экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты тек атом энергетикасы ғана қамтамасыз ете алады», – дейді журналист.
«Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажеттігін ұдайы айтып келемін» деп баса айтты Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жақында қазақстандықтарға жолдаған Жолдауында.
Атом электр станциясы – тұрақты және үнемді энергия көзі, ол көмірқышқыл газының шығарылуын азайтып, экологияға зиян келтірмейді. Сонымен қатар, АЭС электр қуатын үздіксіз өндіру арқылы экономиканың тұрақты дамуына үлес қосады. Қазақстанның энергия тәуелсіздігі мен болашағы үшін АЭС маңызды шешім болмақ.
«Бұл мәселеде үстіміздегі жылдың 6 қазанында өтетін республикалық референдумның маңызы зор. Сондықтан оған біркісідей қатысып, оң дауысымызды беруіміз қажет», – дейді Ершат Асматов.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024