Ұлттық статистика бюросы ел халқының 2024 жылғы I тоқсандағы жалақы жайлы мәліметті жариялады.
Статистика мәліметіне сүйенсек, 2024 жылғы I тоқсандағы Республика бойынша жалақының орташа мәні – 382 279 теңге болған.
2023 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім:
Атаулы мәнде – 12,3%
Нақты мәнде – 2,7%
Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) бағалау бойынша – 251 997 теңгені құрады.
Өңірлік бөліністе 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Батыс Қазақстан облысында – 18,2%-ға, Алматы қаласында – 16,4%-ға, Ақтөбе облысында – 16,1%-ға, Павлодар облысында – 15,9% байқалды.