Елімізде кәсіпкерлер қызметіне көңілі көншімейтін тұтынушылардың саны 168 пайызға көбейген.
Былтыр Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетіне 50 мыңнан аса адам арызданған көрінеді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 20 мың адамға көп.
Бұл жайлы Сауда және интеграция министрлігінің жанындағы қоғамдық кеңес отырысында айтылды, деп жазды 24.KZ.
Белгілі болғандай, былтыр тұтынушылардың құқығын таптап, қызметіне салғырттық танытқан 63 кәсіпкерге 4,7 млн теңге айыппұл салынған. Ал 618 бизнес иесіне әкімшілік ескерту берілген. Алдағы уақытта тұтынушылар мүддесін қорғау ісі әлі де күшейтіледі. Ол үшін мәжілісте арнайы заң жобасы да дайындалып жатыр.
«Заң жобалары ұсынылған, жаңа редакцияда ұсынылған мыналар болып табылады. Көп сатылы жүйені жеңілдету, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық институттарының ролін арттыру, оның ішінде осы салада омбудсмен енгізу арқылы. Адамдардың белгісіз тобын қорғау үшін талап қою мүмкіндігі», – дейді ҚР СЖИМ Мемлекеттік саясатты қалыптастыру бөлімінің бас сарапшысы Меруерт Улькеева.