Орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 2017 жылдағы жұмысының қорытындылары және 2018 жылға арналған жоспарлары туралы баспасөз конференциясы өтіп, оған компания басшылар қатысты.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ – еліміздің барлық облыстарында қызмет ететін үлкен ұйым. «ҰАТ» АҚ мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы және болып табылады және де МО 54 ақпараттық жүйесіне (соның ішінде 13 өңірлік), ЖАО-ның 8 жүйесіне, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының» ақпараттық жүйелеріне жүйелі-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады екен.
Бүгінгі күні 157 ақпараттық жүйе арасында олардың ішіндегі 1200-ден астам интеграциясымен өзара іс-қимыл жүзеге асырылған. Сонымен бірге, компания МО 296 интернет-ресурсын сүйемелдейді және де мемлекеттік деректер қорларының қауіпсіз сақталуына жауапты.
Мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін өзі басқару органдарының, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген өзге де ақпараттандыру субъектілерінің жергілікті, локальды және корпоративтік телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету шеңберінде «ҰАТ» АҚ 11 мыңға жуық (10982) ІР VPN байланыс арнасы мен 1,7 мыңнан астам (1783) Интернет желісіне қол жеткізу арнасын сүйемелдеумен де айналысады.
Қосымша компания бейнеконференц байланысты (БКБ) және ҚР Үкіметінің (ОТ) мәжілістер мен отырыстарды, халық алдында орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының есептік кездесулерін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ҚР Парламенті Палатасы мәжілістерінің онлайн-трансляциясы, Үкіметтік «сағаттар», ҚР ПМК, ҚР АКМ және ҚР ОКҚ мәжілістерінің брифингтері ұйымдастырылуда.
Егер статистика туралы айтатын болсақ, онда 2017 жылы БКБ және ОТ 1128 сеанстары көрсетілді.
Салыстырғанда:
- 2017 жылғы І тоқсанда – БКБ және ОТ 230 сеансы;
- 2018 жылғы І тоқсанда – БКБ және ОТ 327 сеансы, яғни БКБ және ОТ қызметтеріне қажеттілігінің орташа өсуі жылсайын 42% жоғарылады.
2017 жылғы желтоқсаннан бастап 2018 жылғы наурыз бойыншамемлекеттік органдардың (ҚР ДСМ, ҚР АКМ, ҚР ИДМ, ҚР МҚІА, ҰҚК, ҚР ҰЭМ) интернет-ресурстары бойынша 17 оқиғатіркелді.
Xenu БҚ бір уақытта іске қосумен салыстырмалы жүктемелік тестілеуді өткізу кезінде қол жеткізілген оң қорытындылардан кейін БҚ қолданбалы платформасын Apache –тан Nginx-ке ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Apache және Nginx салыстырмалы жүктемелік тестілеудің нәтижелері процессор мен жедел жадыға жүктеменің 2 есе төмендегенін көрсетті.
«ҰАТ» АҚ алғы қатардағы қызметі – бұл eGov.kz порталы, оның mGov.kz мобильдік қосымшасы, «Ашық үкімет» порталы және ҚР бірыңғай байланыс орталығы -1414.
Статистикаға сәйкес соңғы 8 жылда eGov.kz пайдаланушыларының саны 650 есеге көбейді (егер 2009 жылы барлығы 10960 пайдаланушы болса, онда бүгінгі күні пайдаланушылардың жалпы саны 7 миллионнан асады (7 058 534). 7 жылда және ағымдағы жылғы І тоқсанды алғанда «электрондық үкіметтің» қолданыстағы 235 қызметі мен сервисі бойынша азаматтарға 200 (199 623 467) миллионға жуық қызмет көрсетілді.
Азаматтарды мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімді механизмдері және төлем тәсілдерімен қамтамасыз ететін «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі туралы (e-Pay) жеке айтқанда ол өзінің мүмкіндігін кеңейтуді жалғастыруда. 2017жылы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жалпы сомасы 18 млрд-тан. аса теңгеге 2 миллион шамасында транзакциялар жүзеге асырылды.
Наурыз айынан бастап қолданыстағы бар 38 төлем бойынша онлайн-төлем жүргізу үшін Порталда бұдан кейін авторизация жасау талап етілмейді. Яғни, азаматтар авторизацияланбай және ЭЦҚ қолданусыз мемлекеттік баж бен алымдарды төлеп, сондай-ақ «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ кредиттік және депозиттік шоттарын толықтыра алады.
Оның үстіне, осы жылы аталған төлем шлюзі «Қазпошта» АҚ ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл бөлігінде жаңғыртылды және тағы екінші деңгейдегі 9 банкке қосымша қосылды (қазіргі кезеңде төлем шлюзіне барлығы 33 ЕДБ қосылған). Жақын арада тағы да 7 банкті қосу жоспарлануда.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін және ЭЦҚ пайдалануды жеңілдету мақсатында 31 наурызда «екі шертпеге» орнату бөлігінде NCALayer бағдарламалық қамтылымы жаңартылды. Оның үстіне ЭЦҚ қолданыс мерзімі аяқталуының жақындағандығы туралы СМС-хабарламаларды жіберу бойынша сервис іске асырылды. ЭЦҚ кілттерінің қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін пайдаланушыға бір айда, бір аптада және бір күнде – 3 хабарлама келетін болады.
Қазіргі уақытта ЭЦҚ қолданыс мерзімін 3 жылға дейін ұзарту мүмкіндігін іске асыру туралы мәселе пысықталуда. Яғни, қорғалған жеткізгіштердегі ЭЦҚ қолданыс мерзімі (жеке куәлік, Казтокен, eToken) алдағы уақытта 3 жылға дейін ұзартылатын болады.
«Кеше SMS арқылы 4 ең танымал көрсетілетін қызметтер (мекенжай анықтамасы, басқадай заңды тұлғаларда жеке тұлғаның қатысуы туралы анықтама, сотталмағандығы туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқ екені туралы анықтама) алуға мүмкіндік беретін Telegram-бот (@EgovKzKenesBot) іске қосылды.
Оны пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында тіркелуінің болуы қажет, яғни eGov.kz порталы профиліне өз телефонының нөмірін бекіту қажет. Жақын арада осы тізімді кеңейту жоспарлануда. Сонымен қатар, алынған анықтамаларды телефонға және/немесе өз email-ға сақтау қажет» – деп атап өтті «ҰАТ» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.
Әсет Тұрысовтың айтуы бойынша жақын арада компаниямен юзабилитиді жақсартуды ескере отырып eGov.kz порталы редзайны жоспарланған. Өйткені, ағымдағы дизайн 2012 жылы әзірленген болатын, ендігі бүгінгі нақты талаптарға сәйкес келмейді.
Пайдаланушылармен кері байланыс үшін жуырда барлығына қолжетімді болатын порталдың beta-нұсқасы даярланды. Пайдаланушылар өз пікірлерін қалдыра алады.
ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының сайтыда – pki.gov.kz қайта қаралатын болады.
«ҰАТ» АҚ-мен «100 нақты қадам» (94 және 96 қадам) мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде елдің халқымен Үкіметтің еркін және ашық өзара байланысын қамтамасыз ететін «Ашық үкімет» порталы енгізілді және бүгінгі күні біз техникалық қолдап отыруды жүргізіп отырмыз, яғни компания төменде орналастырылған барлық бес компоненттердің жұмысқа қабілеттігіне жауап береді:
- ашық деректер жиынтығы 2828;
- 25 492 жобаның НҚА (нормативтік-құқықтық актілер);
- 26 357 бюджеттік бағдарламалар және 7 408 материалдар олардың орындалуы туралы (аудит + қаржылық бақылау);
- мемлекеттік органдардың 63 бюджеттік есептері.
5 жылда тек «Ашық диалог» бөліміне 221 мыңнан аса өтініштер келіп түсті, оның 88%-на мемлекеттік органдармен жауаптар берілді.
2018 жылғы қаңтардан бастап «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде порталмен аса сапалы жұмыс жасау үшін біздермен 520 мемлекеттік қызметші оқытылды.
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024