arasha.kz

Елімізде іскер әйелдер саны артуда

 Еліміз әлемдік өркениеттің бір бөлшегі ретінде гендерлік теңдікке үлкен мән беріп, осы бағытта жұмыс атқарып келе жатқаны белгілі. Сөзіміз дәлелді болу үшін  «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңдар қабылдағанын айта кеткеніміз жөн.

Сонымен қатар, осы бағытта 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы іске асырылуда. Жалпы қазақ ертеден отбасыға көңіл аударып, әрдайым жанұяның құндылықтары мен абыройын сақтауға күш салып келген.  Ұрпағына жақсы тәрбие беріп, салт-дәстүрді сақтап, отбасының бірлігін сақтауға тырысқан. Отағасы ретінде ер адамның сөзі басымдыққа ие болғанымен әйел адамның да ақыл, кеңестері әрдайым ескеріліп отырған.

Қазіргі зайырлы Қазақстандағы гендерлік теңдік саясаты қалай дамып жатыр деген сұрақ төңірегінде жауап беріп көрсек. Еліміузде осыдан 24 жыл бұрын Қазақстанның Іскер Әйелдер қауымдастығы құрылған. Бұл  Республикалық қоғамдық үкіметтік емес, қоғамның іскер саласында жұмыс істейтін әйелдерді біріктіретін ұйым. Қатарында 5000-ға жуық адам мен 20 аймақтық филиалдары бар. Бұл нәзік жандылардың мүдделер бірлестігі десек болады. Өзі дербес, күшті, бей-жай емес әйелдер өмірді жақсы жағына өзгерту ұмтылысында біріккен, өзі бір нәрсені өзгертуге, идеялар мен жобаларды өзі іске асыруда, және осыдан ләззат алатын жандар.

Сонымен қатар, еліміздің әр түкіпірнде іскер әйелдердің кеңестері, түрлі қауымдастықтары, кәсіпкер әйелдер одағы, Қазақстан кәсіпкер әйелдерін қолдау қоры, «Көшбасшы әйелдер қоры» сынды тек әйелдерден тұратын қауымдастықтар көп және олар ел дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатыр. Әсіресе бизнес саласында әйелдердің үлесі жоғарылап келе жатқаны қуантады. Елімізде шағын және орта бизнеспен 1,2 млн адам айналысса, оның 43% әйелдер екен. Олар медицина, білім және сауда-саттық салаларында белсенді еңбектенуде.

Республикамыздағы эконономикалық өсімде кәсіпкер әйелдердің үлесі жыл санап артуда. Гүлшара Әбдіқалықова бір сөзінде Қазақстан 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік бағытындағы стратегияны сәтті жүзеге асырғанын жеткізген еді. Бүгінде Парламент Мәжілісінде әйелдердің үлесі 30 пайыздан асқан. Бұл көрсеткіш 2006 жылы небәрі 10 пайыз болған. Қорыта айтсақ, елімізде әйелдердің қоғамдық және саяси өмірде, әлеуметтік салаларда және экономикада  жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалған. Оған әр салада нәзік жандылар қатарының көбейіп келе жатқаны дәлел.

Exit mobile version