ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету шараларын күшейту мақсатында бірқатар тапсырма берді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылдың 1 қарашасына дейін жұмыс берушілердің өндірісте жарақат алу фактілерін жасыруына жол бермеу бөлігінде заңнамалық түзетулер әзірлеу тапсырылды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жұмыс берушілермен бірлесіп, жыл соңына дейін өнеркәсіп орындары мен құрылыс секторында өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауға арналған арнайы жабдықтарды міндетті түрде орнатуды қамтамасыз ету тапсырылды.
Төтенше жағдайлар министрлігіне осы жылдың соңына дейін кәсіпорындарға өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларына сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізу тапсырылды.