31-03-22 |
1180 рет қаралған
Елорданың өркендеуіне шетелдік кәсіпкерлер де үлес қосуда.
Елорданың өркендеуіне шетелдік кәсіпкерлер де үлес қосуда

Еліміздің дамуына, оның ішінде Елордамыздың өсіп-өркендеуіне қазақстандықтар ғана емес, алыс-жақын шетелдегі инвесторлар да өзіндік үлес қосып келеді.

         Соның бірі, бірнеше жылдардан бері Біріккен Араб Әмірлігінде, Гонконгта және ТМД елдерінде сапалы қызмет көрсетіп келе жатқан Bulldozer Group холдингін атап өтуге болады. Холдингтің мейрамханалар желісі  тұтынушыларға жоғары деңгейде қызмет көрсетіп, үздік аспаздардың ұсынысымен әзірленген ерекше дәмді ас пен қонақжайлылығымен көпшіліктің көңілінен шығып келеді. 

         Осы ретте, Нұр-Сұлтан қаласында, жалпы құны 10 млн. долларға жуық қаражат жұмсалған «Орловских бань» атауымен демалыс орны – монша кешені ашылуда. Оны іске қосуда үлкен тәжірибесі бар шетелдік жоғары білікті мамандар тобы жиналды. Одан әрі осындай халықаралық деңгейдегі монша кешендері ТМД елдерінде де жалғасын табады деп жоспарлануда.

         Айта кету керек, кешен сыйымдылығы 1-ден 10 адамға дейінгі алты жеке орта санатындағы үйлерден және мейрамханадан тұратын болады. Осы жылдың 1 сәуірінен бастап, төрт монша үйі жұмыс істемек. Сонымен қатар кешен қысқы маусымда келушілер үшін толығымен жан-жақты сапалы қызмет көрсететін болады.

«Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары үшін монша кешені демалыстың жаңа түріне айналады, мұндай жоба Қазақстанда бұрын-соңды болған емес», – дейді холдинг басшысы А.Орлов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.