Біз
әлеуметтік
желіде
30-04-25 |
100 рет қаралған
Енді емхана дәрігерлеріне видеожетондар берілуі мүмкін.
Енді емхана дәрігерлеріне видеожетондар берілуі мүмкін

Қазақстанда емхана дәрігерлеріне видеожетондар берілуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.

«Қазір видеожетондарды енгізу қажеттілігі туралы айтып отырмыз. Өткен жылы бұл бастаманы Денсаулық сақтау министрлігі (жедел жәрдем қызметкерлеріне қатысты – ҚазТАГ) көтерген болатын. Биыл біз осыған қатысты нормаларды бұйрықтарға енгіздік. Сонымен қатар, бұл тетік тек жедел жәрдемге емес, емханалық қызметтегі дәрігерлер мен мейірбикелерге де таратылуы қарастырылып жатыр», – деді Әлназарова сейсенбі күні үкіметтегі брифингте.

Министрдің айтуынша, жедел жәрдем фельдшерлері мен емхана дәрігерлеріне видеожетондарды енгізу медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Жоба жедел жәрдем қызметкерлері үшін пилоттық режимде Астана мен Алматы қалаларында іске қосылады.

«Осы жыл соңына дейін кезең-кезеңімен бұл жұмысты Алматы мен Астанада, сондай-ақ облыстық жедел жәрдем станцияларында пилоттық режимде жүргіземіз деп ойлаймын», – деп қосты министр.

Әлназарованың пікірінше, видеожетон тағу – бұзақыларды да, медицина қызметкерлерін де тәртіпке шақырады.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.