arasha.kz

Еріктілер «Сорпа» акциясын бастады

фото: facebook.com/togzha

Қазақстан еріктілер тобы коронавирус пандемиясымен күрес мақсатында дәрігер мен сырқаттанушыларға көмек ретінде «Сорпа» акциясын бастады. Еріктілер бұл акцияға қазіргі елдегі жағдайға бей-жай қарамайтын азаматтарды белсенді атсалысуға шақырып отыр.

«ХАҚ» партиясын құрушы бастамашылардың жетекшісі Тоғжан Қожалиева еріктілермен бірге сорпа және тағы басқа ас дайындап оны дәрігерлер мен сырқаттанғандарға тегін жеткізу жұмыстарын үйлестіріп жатқанын хабарлады. 

Еріктілердің бастамасына қазірдің өзінде көптеген адам қосылып, әркім қолынан келген көмегін көрсетіп жатыр. Мәселен, біреу қаражат жіберсе, енді біреу өз үйінде дайындаған асын беруде. Келесі біреу дайын асты дәрігерлер мен сырқаттарға тегін тасуда. Осылайша, еріктілер қиын жағдайда елді игі іске біріктіріп жатыр.

Жергілікті жердегі еріктілер де түрлі ұйымдасқан акцияларды күн сайын жасап жатыр. Мәселен, Тараз қаласы еріктілер 18 шілдеде  50 оттегі маскасын ауруханадағы сырқаттарға жеткізіп берсе, одан бөлек жағдайы төмен көп балалы отбасына азық-түлік апарған. Сондай-ақ жергілікті ауруханаларды күні-түні жұмыс істеп жатқан дәрігерлерге 100 литр су, бір реттік қолдануға арналған 500 пар қолғап жеткізген.

Exit mobile version