25-04-18 |
6280 рет қаралған
«Галкин мен Пугачеваны шақыртатын байлар қандастарымызға баспана салып берсін».
«Галкин мен Пугачеваны шақыртатын байлар қандастарымызға баспана салып берсін»

2018 жылы 30 наурыз күні бір топ қандасымыз Алматы қаласы әкімдігіне барып бейбіт шеруге рұқсат сұраған еді. Олар ресми Бейжіңнің саясаты кесірінен туған-туыстарынан ажырап қалғандарын айтқан-ды. Кейбірі тіпті ет жақындарының жазықсыз түрмеге қамалғанын хабарлаған.

Бүгінгі бас қосуға Серікболсын ӘБДІЛДИН, Әміржан ҚОСАНОВ сынды саясаткерлер, Қабдеш ЖҰМӘДІЛОВ, Темірхан МЕДЕТБЕК сынды қаламгерлер болды. Қоғамдық тыңдау болғандықтан ба СІМ я болмаса жергілікті билік өкілдері төбе көрсеткен жоқ. Аздаған тәуелсіз БАҚ журналисттері ғана болды. Қазақстандық бірде-бір арналар келмеді.

– Қазақстанда осындай бір жиын өтті деп қытай өз саясатын өзгерте қоймайды. Біз билікке талап қоюымыз керек. Көшті күшейтіп жат елдегі бауырларымызды елге көшіріп алып келуіміз тиіс.ЭКСПО сияқты пайдасы аз шараға қыруар қаражат жұмсадық қой. Сол ақшаларды шекараның арғы жағында қалған ағайынға жұмсайық. Оларды көшіріп алу үшін экономикалық тұрғыдан да стимул беру қажет. Қазір орыстың Галкин мен Пугачевасына мыңдаған доллар беріп шақыртатын байлар бар. Солар қандастарымызға атамекенінен баспана салып берсін. Біздің Сыртқы істер министрі мінез көрсетуі ләзім. Бұға берсең сұға береді деген сөз бар. Артында ел барын сезінетін уақыт жетті ғой. Кеше армян халқы көшеге шығып үкімет басшысын орнынан алып тастады. Қытайдағы бауырларымызға шын жанымыз ашыса бізге де қоғамдық қозғалыс керек,- деді саясаткер Әміржан ҚОСАНОВ.   

Дереккөз: zhasalash.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.