Ұлттық академиялық кітапхананың директоры Ғазиза Нұрғалиева Республика күні – ұлтты ұлт ретінде ұйыстыратын бірден-бір тетік дейді.
Ең әуелі Ұлтымыздың ұлықтайтын ұлы мерекесі – Қазақстан Республикасының Республика күні мерекесімен баршы қазақстандықты құттықтаймын! Ұлттың тұтастығы, мемлекеттің тұтастығы, жалпы ұлтты сүю – әрқайсымызға байланысты. Мәңгілік еліміз тұғырында тұруы үшін әрбір азамат қызмет ету керек деп ойлаймын – дейді Ғазиза Нұрғалиева.
Ол бұл күннің еліміз үшін маңызы ерекше екенін атап өтті.
1990 жылы 25 қазанда «Егемендік туралы» декларация қабылданды. Азат болудың алғышарты жасалды. Бұл құжат Қазақстан тәуелсіздігінің іргетасы еді. Бүгінде Қазақстан нарықтық экономикасы қарқынды дамыған, демократиялық қоғамдық құрлымы қалыптасқан, зор халықаралық беделге ие зайырлы мемлекет. Осы маңызды мерекенің елімізге қайта оралуының өзі біз үшін үлкен қуаныш. Екіншіден бұл – еліміздегі саяси тұрақтылық пен ішкі тыныштықтың айқын көрінісі. Бұл мереке әрбір қазақстандық үшін маңызды болуға тиіс деп ойлаймын – дейді ол.
Arasha.kz
ФОТО: turkystan.kz