arasha.kz

Google, Apple, Netflix үш жылда Қазақстан бюджетіне 75 млрд теңге төледі

ҚР Қаржы министрлігі Салық кодексінің 25-тарауына сәйкес 2022 жылдан бастап қолданысқа енгізілген шетелдік интернет-компанияларға («Google салығы») салық салудың жаңа қағидаларын қолдану нәтижелері туралы хабарлады.

Қазір Қазақстанда 101 шетелдік компания тіркелген, оның ішінде Huawei, Aliexpress, Google, Apple, Netflix және басқа да халықаралық құрылымдар бар. 3 жылдың ішінде бұл компаниялар 75 млрд теңгеге салық төледі. Былтырғы сома – 35 млрд теңге.

2024 жылдың соңында Temu, Pinduoduo және Alibaba компаниялар тобы шартты тіркеуден өтті.

Естеріңізге сала кетейік, салықтың мұндай түрі ҚР жеке тұлғаларына электронды сауда арқылы тауарлар ұсынатын және электронды түрде қызмет көрсететін шетелдік компанияларға қолданылады.

Exit mobile version