Алматыда Mediatalks аясында «100 жаңа есім» жобасы жеңімпаздарымен кездесу өтіп, онда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған «100 жаңа есім» жобасын жалғастыру туралы ұсыныс айтылды.
«100 жаңа есім» – «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған алты арнайы жобаның бірі. Жоба ел көлемінде кеңінен насихатталып, халықтың тікелей дауыс беруімен 102 жеңімпаз анықталған еді. Сөйтіп, спортта – 13, ғылымда – 18, мәдениетте- 10, медицинада – 18, бизнесте – 13, қоғамда – 30 жаңа есім анықталған еді. Алматыдағы кездесу кезінде сол жеңімпаздардың бірі паралимпиада спортшысы Серік Есматов сөз алып, жобадан өзінің түйген ойларын айта келіп, «100 жаңа есім» жобасын жалғастыруды сұрады.
– 20 жыл ішінде бір шындыққа көз жеткіздім. Айналаңды өзгерту арқылы өзіңді де, қоршаған ортаңды да өзгертетінің туралы ой одан сайын рухтандыра түседі. Өз өмірің мен өзгенің өмірін жақсартуда бір мән жатқандай. Мұның барлығын жасайтын сіз бен біз. Қарапайым болсақ та, жаһандық мәселелерді бірігіп, жұмыла шеше аламыз.«100 жаңа есім» жобасы барлығымызға Қазақстан қолынан барлығы келетін керемет адамдардың отаны екенін көрсетті деп ойлаймын. Мен біздің көп болғанымызды және осы сахнада біздің заманның батыры атанған адамдарды танығанымызды қалаймын. Жобаның екінші толқыны біздің елге жаңа есімдерді әкеліп, жетістіктер мен жаңа рух беретініне сенімім мол. Жоба ұйымдастырушыларынан жаңа есімдерді анықтауларын сұраймын!, – деді ол.
Жиынға қатысқан өзгеде жоба жеңімпаздарды аталған ұсынысты қолдап, өз ойларын айтысты. Жеңімпаздар тарапынан көтерілген бастамаға «100 жаңа есім» жобасына жаңа есімдер іздеу бойынша бастамашы топтың өкілі Махаббат Есен «Халық өзі қаласа, жобаны жалғастыруға еш кедергі жоқ деп ойлаймын», – деді.
Осылайша, «100 жаңа есім» жобасы жеңімпаздарымен өткен кездесуде жобаны жалғастыру туралы ұсыныстар айтылып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арнайы жобаларының бірі одан әрі де ұласатын сыңай байқалды.
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024