«Бүгінгі күні әлемдік саясатқа өшпенділік пен басқыншылықтың вирусы дендеп тұрған шақта соғыс туралы бүкіл шындықты халқымызға ашық айту – аса маңызды міндет. Ақиқатты айтпай, бейбіт өмірдің қадірін ұғыну мүмкін емес. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен әскери шеруде айтты.
«Соғыс тарихын бұрмалауға, Ұлы Жеңістің маңызын кемсітуге ешқашан жол бермеуіміз керек», – деді Мемлекет басшысы.
Президент өз сөзінде қазіргі жаһандық тұрақсыздық дәуірінде Қазақстан үшін басты міндет ұлттық мүддені қорғау екенін атап өтті.
«Еліміздің сыртқы саясаты да осы мақсатты көздейді. Бейбітшілікті сақтау, аумақтық тұтастықты нығайту және ел егемендігін қорғау – біздің негізгі ұстанымымыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.