arasha.kz

Халықтың басым бөлігі полиция жұмысына қанағаттанбайды

Қазақстан тұрғындарының жартысынан көбі мемлекеттік қызметшілер арасында тек «жедел жәрдем» мен өрт сөндірушілердің қызметіне «қанағаттанарлық» деген баға берді.

ҚР Ұлттық статистика бюросы жүргізген зерттеуге сәйкес, қазақстандықтар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын былтырғыға қарағанда жоғары бағалап отыр. Жедел медициналық көмек қызметінің сапасына толық қанағаттанатын қазақстандықтардың үлесі 54,6%-ды құраса, өрт сөндіру қызметіне 50,2% отандасымыз риза.

Одан әрі полиция қызметінің сапасына қанағаттанған қазақстандықтардың үлесі 43,7%, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 43,3%, салық қызметі 43% және басқа мемлекеттік қызметтер бойынша 39,9%-ды құрайды. Зерттеуге қатысқан респонденттердің мемлекеттік қызметтің сапасына қатысты бірнеше жауапты таңдауға мүмкіндігі болды. Оның ішінде «қанағаттанбаймын», «ішінара қанағаттанамын және қанағаттанамын», сонымен қатар «жауап беруге қиналамын немесе қолданбаймын» деген нұсқалар болды.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына толық қанағаттанған респонденттердің үлесі қала тұрғындарына қарағанда ауылдық жерлерде басым. Мәселен, жедел медициналық қызметке ауыл тұрғындарының 53,3% оң бағасын берсе, қарсы қала тұрғындарының 56,9%-ы қызмет сапасына қанағаттанбайды. Сол сияқты салық қызметі бойынша ауыл тұрғындары 49,6%-ға қанағаттанса, ал қала тұрғындары 39,5%-ға ризашылығын білдіріп отыр. Одан бөлек, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметі ауылда 48,7%, қалада 40,4%-ға, және полиция ауылда 48,5% тиісінше қалада 41,1%-ға бағаланды.

Ал өрт сөндіру қызметінің сапасына бірдей баға берілді деуге болады. Ауыл тұрғындары 50,3% болса, қала тұрғындары 50,1%-ға оң бағасын беріп отыр. Респонденттер көбінесе полиция қызметіне қанағаттанбайды. Зерттеуге қатысушылардың 4,4%-ы бірден қанағаттанарлықсыз деген баға берді. Былтыр да солай болған. Салық қызметінің сапасын респонденттердің 2,8%-ы (2021 жылы – 2,9%), ХҚКО – 2,6% (2021 жылы – 3,3%), жедел медициналық көмек – 2,5% (2021 жылы – 2,7%), өрт сөндіру қызметі – 1,5% (2021 жылы – 2,7%) қанағаттанарлықсыз деп бағалады.

Exit mobile version