Біз
әлеуметтік
желіде
25-06-25 |
120 рет қаралған
IMEI-тіркеу: «қауіпсіздік» деген желеумен кім пайда тауып отыр?.
IMEI-тіркеу: «қауіпсіздік» деген желеумен кім пайда тауып отыр?

Қазақстанда жаңа ережелер «қауіпсіздікті арттыру» деген уәжбен енгізілсе — бұл кімге тиімді? деген сұрақ міндетті түрде туындайды.

Кәсіпкер Қанат Амиркин бұл сұрақты ақпан айында-ақ көтерген. Ресми мәлімдемелерде IMEI тіркеу ережелері ұрлықпен күресу, тұтынушылардың құқығын қорғау, «көлеңкелі» техниканы бақылау деп түсіндірілді. Алайда, шын мәнінде, бәрі олай емес сияқты.

💸 Жаңа «салық», бірақ бюджетке емес?

2024 жылдың сәуірінен бастап импорттаушылар әрбір смартфон үшін 3932 теңге (1 АЕК) төлеуге міндеттелді. Бірақ бұл салық емес, бұл ақша мемлекеттік бюджетке түспейді.
Қаражат IMEI верификациясымен айналысатын жеке компанияның шотында жинақталады.

Сандармен қарасақ:
📱 Қазақстанға жыл сайын 4 миллион телефон әкелінеді
🔢 4 000 000 × 3932 ₸ = 15,7 миллиард теңге
💼 Бұл сома жекеменшік құрылымға түседі — мемлекетке емес

🖥 Верификация сайты: support.kz-imei.kz →

🚗 «Утильсбор 2.0» — бірақ бұл жолы телефондарға?

Бұл схема утилизациялық алымның көшірмесіне ұқсайды:
📌 Ол кезде — экология үшін делінді,
📱 Қазір — қауіпсіздік үшін делінеді.

Амиркин атап өткендей, мұндай тәжірибе тек бизнеске емес, қарапайым азаматтың қалтасына да соққы болып отыр:

  • Телефон бағасы өседі
  • Бәсекелестік азаяды
  • Мемлекеттік функциялар жекеменшікке беріледі
  • Бюджет бұрынғыша «тесік» күйде қалады

🧾 «Ақша елге емес, делдалдарға жұмыс істеп жатыр»

«Мен салыққа қарсы емеспін — егер ол ашық болып, бюджетке түссе. Зейнетке. Жолға. Денсаулыққа. Бірақ қазір — азаматтар есебінен жеке құрылымдар пайдаға кенеліп отыр», — дейді Амиркин.

«Бізге нағыз реформалар мен инфрақұрылым, ашық экономика керек. Банкетпен форум өткізуден гөрі, нақты қадамдар қажет. Әйтпесе, алысқа бара алмаймыз».

Arasha.kz бұл жағдайды бақылауды жалғастырады. Ал әзірге бір ескерту:
👉 Заңда не жазылғаны емес, ол қалай іске асатыны маңызды. Әсіресе сөз біздің ақшамыз туралы болғанда.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.