Интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан Жапониядан 9 саты төмен. Интернет жылдамдығы бойынша әлемдік индексте Жапония 57 орында болса, Қазақстан 68 орында тұр.
Ал Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің интернет жылдамдығы бойынша Астана Токионы озып кетті дегені қалалар бойынша әлемдік индекстен алынған дерек.
Онда Астана 72 орында, Токио 74 орында тұр. Алайда, Жапонияда тұратын азаматтар арқылы реалды жағдайда Токиодағы интернет жылдамдығы Астанадан жақсы екенін де айқындалды. Министр не үшін Токионы мысалға алғаны түсініксіз.
Қазақстандағы байланыс операторлары байланыс тарифтер бағасын өсіріп жатыр. Бұған қатысты монополия қарсы агенттік тексеріс бастағаны да хабарланды.