arasha.kz

Экс-депутат: Назарбаев жанына әдейі қылмыскерлерді жинады

Мемлекет қайраткері, бұрынғы депутат Серік Әбдірахманов Abay Live YouTube-арнасына берген сұхбатында Қазақстанда шенді лауазымдар қаншаға сатылатынын айтты.

Оның сөзінше, баға қазір әлдеқайда өскен.

Қазақстанды кім тонады? Әкімдер тонады, министрлер тонады. Генералдар бәрі миллардер. Санаулы ғана генералдар адал, таза. Қалғандарының бәрі бай. Назарбаевтың кезінде генералдың атағы 1 миллион доллар тұратын. Қазір әжептеуір хабары бар, осы салаға жақын жүргендер айтады: «генералдың бағасы 3 миллион долларға көтеріліпті». Барлық қызмет орны сатылады. Өте бай, май шелпекке бататын әкімдер Атырау, Ақтөбе 3 миллион долларға броньдап баратын, қазір енді 5 миллионға баратын шығар, – деді ол.

80 жылдардың аяғымен салыстырғанда халықтың тұрмысы 4-5 есе төмендеп кетті – деген экс-депутат бұған не себеп болғанын айтты.

Бұған Назарбаев өзі жауап берді. 2010 жылдары бір үлкен мәжілісте: «Мен кез келгеніңді дәл қазір қолдарыңа кісен салдырып, абақтыға жабуға дәлелім бар» – деді. Демек ол жанына әдейі қылмыскерлерді жинады. Соның бәрін өзі жемқор қылды. Мен 90 жылдары оның көмекшісі болып жанында жүрдім ғой. 90 жылдары ол адал, таза бастаған. Ең таза сайлау 1990 жылы Жоғарғы кеңеске депутат сайлау болды – дейді экс-депутат.

Arasha.kz

ФОТО: Скрин

Exit mobile version