03-04-24 |
3310 рет қаралған
Энергиямен жабдықтаушы делдал ұйымдар жойылады.
Энергиямен жабдықтаушы делдал ұйымдар жойылады

Қазіргі таңда энергия жабдықтаушы ұйымдардың реттелетін және реттелмейтін екі түрі нарықта жұмыс істейді. Реттелетін ұйымдар тұрғындарға, заңды тұлғаларға және бюджеттік ұйымдарға қызмет көрсетеді. Мемлекет тарапынан олардың операциялық шығындары ескеріліп, жабдықтау тарифінің орташа бағасы 1 кВт сағатқа 1 теңге жобасында бекітіліп отыр. Ал реттелмейтін ұйымдар тарифтерін өздері белгілейді.

Болжам бойынша әрбір делдал жылына кемінде 1 млрд теңге пайда көреді. 120-дан астам реттелмейтін ұйымдардың бір жылдық таза табысы – кемі 150 млрд теңге. Бірақ олар ешкімге есеп бермей, делдалдық қызмет арқылы табыс табады.

Мысалы, кейбір өңірде делдалдардың тарифіндегі таза пайда бір кВт сағат үшін 25 теңгеге жеткен. Ал Қазақстандағы ең ірі Екібастұз бірінші электр станциясының тарифі – 8 теңге. Делдалдар ештеңе өндірмей-ақ станциялармен салыстырғанда кемі 3 есе пайда көріп отыр.

Сондықтан электр энергиясын Бірыңғай сатып алушы механизмі енгізіліп, осы нарықта баға бәсекелестігін тудыратын барлық қажеттілік жойылады. Депутаттар делдалдарды жоятын норманы мақұлдады. Ал Үкімет қаралып жатқан заң жобасы күшіне енгеннен кейін оны жүзеге асыру үшін тиісті нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.