Елорда әкімдігінің ғимаратында көпбалалы жеті әйел ер адамды соққыға жықты. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.
Төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті.
Белгілі болғандай, әйелдер тұрғын үй мәселесі бойынша мемлекеттік органға келген. Алайда мәселесін шеше алмай ашуланған аналар жолында кездескен құрылыс саласының кәсіпкеріне бас салған.
Полиция департаменті тәртіп бұзушылардың кіреберіс жолды жауып, кәсіпкерді желкесінен түйгіштеп, одан қалса, жұдырықпен төпелей жөнелгендердің әрекеті туралы пікір білдірді.
«Іс барысында полицияға жанжалдасқан тараптардан бір-біріне шара қолдану туралы арыздар түсті. Аталған дерек Сарыарқа аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады», – деді Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024