«Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Шаңырақ» бағдарламасының тікелей эфирінде 12 баласы бар Айсұлу Жәлелқызына «Қарекет» қоры Шымкент қаласынан 5 бөлмелі пәтер берді. Қуаныштан көп балалы ана көз жасына ерік беріп, студиядағы қонақтар мен қатысушылар да қуанысып қалды.