Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың (суретте) айтуынша, 1 сәуірден бастап көпбалалы отбасылар үшін тағайындалатын жәрдемақының көлемі әрбір балаға 20 789 мың теңге болады, деп жазады ҚазАқпарат.
Аталған көрсеткіш барлығына ортақ. Бірақ үш өңірде есеп-қисап басқаша жүргізіледі.
«Қазір статистиканы ашып қарасаңыз, бізде үш өңірде күнкөріс деңгейі басқаша. Ол – Астана, Алматы мен Маңғыстау облысы. Осы үш өңірде жәрдемақы сәл жоғарылау болады. Қалған облыстарда әрбір балаға 20 789 теңгеден төленеді», – деді С.Жақыпова.
Бұған дейін Астанадағы көпбалалы аналармен болған кездесуде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Астанадағы атаулы әлеуметтік көмектің көлемін жариялаған еді.
«Атаулы әлеуметтік көмекке келсек, Мемлекет басшысы нақты тапсырма берді, бұрын жанұяның әрбір мүшесіне табысты есептегенде (күнкөріс минимумның – авт.) 50 пайыздың деңгейінде болса, енді оны 70 пайызға көбейтеді. Егер бұрын 14 849 теңге болса, 1 сәуірден бастап оның көлемі 20 789 теңгеге көтеріледі. Ал енді Астана қаласында басқа өңірлермен салыстырғанда орташа жалақы жоғары, сондықтан 21 698 теңгеге дейін көтеріледі. Біздің болжамымыз бойынша осы шарамен, кем дегенде, 830 мың қазақстандық қамтылады. Ал Астана қаласында, бұл кем дегенде, 6 700-ге жуық», – деген еді Б.Сапарбаев.
Ақпан айының басында Астанада үй өртеніп, бес бала қаза тапты. Осы оқиғадан кейін Қазақстанның әр жерінде көпбалалы аналар бас көтеріп, жәрдемақы өсіруді, тұрмысы төмен отбасыларға берілетін көмекті арттыруды биліктен талап ете бастады.
Ақпанның соңында Nur Otan партиясының XVIII съезінде экс-президент, қазіргі кезде қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы, құрметті сенатор Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы отбасыларға берілетін көмекті ұлғайтып, әрбір баланың жәрдемақысын 21 мың теңгеге дейін арттыруды тапсырған еді.
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024