Біз
әлеуметтік
желіде
13-06-25 |
380 рет қаралған
Қалыңмалды қайтар деп соттасатын жастар көбейді.
Қалыңмалды қайтар деп соттасатын жастар көбейді

Қалыңмалдың ақысын қайтарып алу үшін нені білу керек? Тіпті салт бойынша берілген кәдесыйды сот арқылы өндіріп алғандар да бар екен. Әсіресе, тойға дейін ақыны беріп қойып, бірақ әртүрлі себеппен отау құрмаған жастар заңгерлердің көмегіне жиі жүгінген, деп хабарлады Информбюро 31.

Заңгерлер кеңесі қандай?

Қазақ ұғымында “қалыңмал” байлық пен жомарттықтың белгісі. Қыздың абыройы. Елімізде құдалық өткізіп, кәдесый жасап, бірақ той болмай қалатын жағдайлар жиі кездеседі. Ең қызығы, екі жас екі жаққа кетсе де көп жағдайда қалыңмал қайтарылмайды.

Ал тұрғындардың дені қыз келіндік міндетін атқармаса жөн-жоралғы арқылы берілген ақша мен бағалы сыйлықтар қайта берілу керек деп есептейді.

Бұл істі бизнеске айналдырған қыздардың бар екенін заңгерлер де растайды. Мамандар қалыңдық босаға аттамаса шарт бұзылады деп отыр. Сондықтан екінші тарап өз келісімін орындамағаннан кейін берілген сыйды қайтаруы тиіс дейді.

— Қыз үйіне бармаймын деп бас тартса, екінші жақ келіспесе, заңгер ретінде айтатыным, келісімшарт орындалмады деп есептеліп, сол жерде қалыңмал берген кезде куәгерлер болса, жазбаша дәлелдер болса, онда азаматтық сот арқылы арыз жазып, шыққан шығынды өндіріп алады. Немесе қалыңмалға өткізген заттарын қайтарып ала алады, — дейді заңгер Ғабит ӨМІРБЕК.

Қалың мал – қазақтың төл дәстүрі. Ең бастысы, жастардың бір-біріне деген сыйластығы мен адами құндылықтары сақталуы тиіс дейді мамандар.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.