Біз
әлеуметтік
желіде
21-04-25 |
80 рет қаралған
Карим Мәсімовтің зәулім сарайы қайта саудаға қойылды — бағасы 300 миллион теңгеге төмендеді.
Карим Мәсімовтің зәулім сарайы қайта саудаға қойылды — бағасы 300 миллион теңгеге төмендеді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы, сотталған Карим Мәсімовке тиесілі үй тағы да аукционға шығарылды.

Бұл — аталған резиденцияны сатудың үшінші талпынысы. Алайда алдыңғы екі ретпен салыстырғанда, бұл жолы баға едәуір төмендетілген — 1 миллиард 600 миллион 838,1 мың теңге.

Бұған дейін үйдің бағасы 1 миллиард 883 миллион 338,9 мың теңге болған.

Әңгіме елорданың Нұра ауданындағы зәулім сарай туралы. Ғимараттың жалпы ауданы — шамамен 2,8 мың шаршы метр. Үймен бірге 1,2 гектар жер, жиһаздар, үй ішінің сәндік бұйымдары мен коллекциялық заттар да сатылуда.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.