Бұған дейін Қашаған мұнай кен орнынан түсетін табыстың 98%-ы шетелдік мұнай компанияларына тиесілі, ал Қазақстан тек 2% ғана алады деген мәлімет тараған болатын.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бұл ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, «ҚазМұнайГаздың» 16,86% үлесін ескергенде, бұл деректер шындыққа жанаспайды.
Қазақстан 1997 жылғы өнімді бөлісу туралы келісім (СРП) аясында табысты әділетсіз бөлді деп есептеп, NCOC консорциумына қарсы 160 млрд доллар талап қойды.
Қазақстан консорциумды жемқорлық пен экологиялық заңбұзушылықтар үшін айыптауда.
Даулар Швейцарияда қаралып жатыр.
NCOC — Каспий теңізіндегі бес ірі мұнай кен орнын, соның ішінде Қашағанды игеріп отырған халықаралық консорциум.