Астанада өрттен қаза болған бес баланың ата-анасының төрт банкте несиесі бар екені айтылған еді. Әлеуметтік желі қолданушысы Дамир Аспан банктерге қара жамылған отбасының несиелерін кешіріп, жабуды сұрап жазба жазған.
Осы жазбаның пікір алаңына Kaspi.kz ресми парақшасының атынан «Kaspi.kz басшылары Ситер отбасының қарыздарын жабу туралы шешім қабылдады» деп жазылды. Мұны біз хабарласқан банк өкілдері де ауызша растады.