Біз
әлеуметтік
желіде
02-07-25 |
280 рет қаралған
Қай өңірден адамдар көптеп көшіп жатқаны белгілі болды.
Қай өңірден адамдар көптеп көшіп жатқаны белгілі болды

Қазақстаннан ең көп адам көшіп жатқан өңір — Түркістан облысы. Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, бұл өңірде халықтың табиғи өсімі ең жоғары болғанымен, елден көшіп кетушілер саны да жоғары.

Қазақстан халқының жалпы жағдайы (2025 жылғы 1 маусымға):

Халық саны — 20 370 672 адам

Жарты жылдағы өсім — +87,2 мың адам

Табиғи өсім — +80 мың адам

Халық ең көп артқан өңірлер:

Астана — +37 863 адам

Алматы — +22 874 адам

Шымкент — +18 132 адам

Алматы облысы — +15 533 адам (миллионер қалалардан тыс)

Халық ең көп азайған өңірлер:

Солтүстік Қазақстан облысы (СҚО) −3 237 адам

Табиғи өсім де, көші-қон да теріс көрсеткіште

Түркістан облысы −3 049 адам

Табиғи өсім: +15 372 адам

Көші-қон: −18 421 адам (Қазақстан бойынша ең жоғары теріс көрсеткіш)

Абай облысы  −2 768 адам

Табиғи өсім: +1 037 адам

Көші-қон: −3 805 адам

Көші-қон бойынша көшбасшы:

Астана қаласы  +29 606 адам (ең көп көшіп келгендер осында)

Қала мен ауыл халқының өзгерісі:

Қалалық тұрғындар саны көп өңірлерде өсуде

Ауыл халқы көптеген өңірлерде азаюда

Ерекше жағдайлар:

Кызылорда, Маңғыстау, Атырау, Алматы облысы — ауыл халқы артқан

Алматы облысы — ауыл халқы +13 107 адам (үш өзге облыстың қосындысынан 4 есе артық)

Түркістан облысы — ауыл халқы −5 146 адам (ең көп азайған өңір).

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.