Біз
әлеуметтік
желіде
20-05-25 |
270 рет қаралған
Қайрат Байбосынов: Халқыма ризашылығымды білдірем.
Қайрат Байбосынов: Халқыма ризашылығымды білдірем

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған Қайрат Байбосынов бұл марапатты ұлттық өнерге берілген баға деп атап өтті.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы беріп отырған марапатыңызға көптен көп алғысымды білдіргім келеді. Бұл тек маған ғана емес, бұл – ұлттық өнерге, дәстүрлі ән өнеріне беріп отырған сіздің бағаңыз. Жастарымыздың ұлттық өнерге деген құлшынысы арта берсе екен, деген ниетпен осы салада көп жылдан бері ұстаздық етіп келемін. Екіншіден сахнада маған қошемет көрсеткен халқыма ризашылығымды білдіргім келеді. Осының бәрі халықтың арқасы»,- деді Қайрат Байбосынов.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.