Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Үкімет кулуарында қазақ тілін үйрену жоспары жайлы айтты, деп хабарлады BAQ.KZ.
— Әрине, біраз уақыт керек. Тәжірибе қажет. Бірақ мен бір жылдың ішінде еркін сөйлей алатыныма сенемін. Сұхбаттар беретін боламын. Қазақ тілін үйренуде сіздердің көмектеріңіз қажет, — деді Омаров журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Фото: ҚФФ