Біз
әлеуметтік
желіде
26-06-25 |
160 рет қаралған
Қазақстан 46 млрд теңге қарыз алады.
Қазақстан 46 млрд теңге қарыз алады

Сенат депутаттары Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы келісімді ратификациялауды мақұлдады.

Мәселе 46 млрд теңге көлеміндегі қарыз туралы болып отыр. Бұл қаражат ауылдарды интернетпен қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнесті қолдауға және телеком-инфрақұрылымын дамытуға жұмсалады.

Бұған дейін Қазақстанның Халықаралық қайта құру және даму банкiнен жаңа қарыз алатыны хабарланған болатын. Өткен жылы ел үш шетелдік банктен жалпы 600 млрд теңге көлемінде қарыз алған: Азия даму банкiнен 52,3 млрд иен, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкiнен 52,7 млрд иен және Халықаралық қайта құру және даму банкiнен 84,9 млрд иен.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.