Біз
әлеуметтік
желіде
23-05-25 |
970 рет қаралған
Қазақстан арақты көп ішетін елдер қатарында.
Қазақстан арақты көп ішетін елдер қатарында

Energyprom деректеріне сәйкес, әлемдік алкоголь тұтыну рейтингінде Қазақстан 68-орынға ие болды. 15 жастан асқан қазақстандық орта есеппен жылына шамамен 7 литр алкоголь ішеді екен. Оның ішінде әйелдер – 2,76 литр, ерлер – 10 литрден астам тұтынады.

ТМД елдері арасында бірінші орынды Ресей иеленіп отыр. Ол бұл көрсеткіш бойынша әлемдік тізімде де көш бастап тұр. Сондай-ақ ішімдікті көп тұтынатын елдер қатарында Грекия, Лесото, Мадагаскар және Джибути бар. Ал ең төмен көрсеткіш Люксембург, Судан және Йемен елдерінде тіркелген.

Қазақстаннан ТМД елдері ішінде Беларусь елінен кейін үшінші орында тұр.

▪️ Молдова – 4,79 л,
▪️ Армения – 4,28 л,
▪️ Әзербайжан – 2,49 л,
▪️ Өзбекстан – 2,1 л,
▪️ Түрікменстан – 1,26 л,
▪️ Қырғызстан – 0,72 л.

2024 жылы ішімдік ішетін әрбір қазақстандық орта есеппен 7400 теңге жұмсаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,6%-ға көп.

Алкогольдік сусындарға ең көп қаражат жұмсаған өңірлер:

▪️ Шығыс Қазақстан облысы – 16,2 мың теңге,
▪️ Алматы қаласы – 15,3 мың теңге,
▪️ Қарағанды облысы – 13,9 мың теңге,
▪️ Солтүстік Қазақстан облысы – 13,7 мың теңге,
▪️ Павлодар облысы – 12,9 мың теңге.

Ең аз ақша ішімдікке жұмсалған өңірлер:

▪️ Қызылорда облысы – 1,3 мың теңге,
▪️ Түркістан облысы – 1,5 мың теңге,
▪️ Маңғыстау облысы – 1,6 мың теңге.

2024 жылғы сәуір айында алкоголь өнімдері орта есеппен 1,2%-ға қымбаттаған. Бір жыл ішінде баға 10%-ға өскен. Ай ішінде арақ бағасы – 0,9%-ға, сыра – 1,2%-ға, шарап – 1,5%-ға қымбаттаған.

Жыл қорытындысы бойынша ішімдік бағасы еліміздің барлық өңірінде өсті. Ең көп қымбаттаған облыстар – Батыс Қазақстан, Түркістан және Қарағанды.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.