Біз
әлеуметтік
желіде
01-07-25 |
170 рет қаралған
Қазақстан-Ресей шекарасындағы QR-код үлкен кептеліс тудырды.
Қазақстан-Ресей шекарасындағы QR-код үлкен кептеліс тудырды

Шекарадағы өткізу бекетінде кептелісте қалған жүргізушілерге Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен әскери қызметкерлері көмекке келді.

Атап айтқанда, жүк көліктерінің үлкен легі Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы «Жайсан» шекаралық бекетінде, Ресеймен шекарада жиналды. Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары мен ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері дереу шыққан.

«Жүргізушілерге жедел көмек ұйымдастырылды: ыстық тамақ, ауыз су беріліп, медициналық көмек көрсетілуде, санитарлық бақылау жүргізіліп, қажетті ақпараттық қолдау көрсетілуде», — делінген ТЖМ хабарламасында.

Кептелістің негізгі себебі — шекараны визасыз кесіп өту үшін QR-кодты міндетті түрде қолдану тәртібінің енгізілуі болған.

ТЖМ өкілдері барлық қажетті көмек дер кезінде көрсетіліп жатқанын және жағдайды тұрақтандыру жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.

Фото: ҚР ТЖМ

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.