Біз
әлеуметтік
желіде
23-05-25 |
820 рет қаралған
Қазақстан жол компаниялары нарықтан айырылып жатыр: келісімшарттар шетелдік мердігерлерге кетуде.
Қазақстан жол компаниялары нарықтан айырылып жатыр: келісімшарттар шетелдік мердігерлерге кетуде

Қазақстан Автожолшылар қауымдастығының президенті бұл тәжірибе отандық компанияларды жойып жібереді деп есептейді.

Қазақстандық мердігерлер ірі тендерлерден шеттетіліп, олардың орнын шетелдік компаниялар басып жатыр, дейді ҚР Автожолшылар қауымдастығының президенті Бағлан Баймағамбетов.

Мысалы, Қызылорда – Жезқазған жобасының барлық сегіз лотын 2023 жылы қытайлық компаниялар жеңіп алған. Ал 2022 жылғы алты лоттың тек біреуі ғана қазақстандық мердігерге бұйырған.

Бағлан Баймағамбетов бұл жағдай отандық жол саласының жойылуына алып келуі мүмкін екенін ескертеді: жол құрылысын оқытатын факультеттер жабылуда, жас мамандар тапшы, ал тәжірибелі кадрлар салада қалмай барады.

Айта кетейік, Қызылорда – Жезқазған жобасы Азия даму банкі арқылы қаржыландырылып жатыр, инвестиция көлемі — 300 миллион АҚШ долларынан астам.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.