Экология министрі Ерлан Нысанбаев алдағы күндері киіктерді ату мәселесі бойынша түпкілікті шешім жарияланатынын айтты. Оның айтуынша, ғалымдар популяцияның 20 пайызын табиғи ортадан алу жөнінде ұсыныс жасаған.
«Біз ғылыми негіздемені ресми түрде алдық. Қазір ұйымдастырушылық мәселелер талқылануда. Бір-екі күнде шешім қабылдаймыз деп ойлаймын. Ғалымдар бүкіл популяцияның 20 пайызын алу қажет деп отыр», – деді министр.
Министрлік мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанда шамамен 3,9 миллион киік бар. Бұл көрсеткішке сәйкес, 800 мыңдай киікті атуы мүмкін.
Сондай-ақ, министр мұндай ауқымды істі атқару үшін ет комбинаттарының көмегі қажет болатынын айтты. Олар әкімдіктер мен мүдделі компаниялармен бірлесіп құрылмақ.