Біз
әлеуметтік
желіде
15-05-25 |
1070 рет қаралған
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге ChatGPT қолдануға тыйым салынды.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге ChatGPT қолдануға тыйым салынды

Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин мәлімдеді. Оның айтуынша, ChatGPT қолдануға тыйым салу — мәліметтердің сыртқа кетуінің алдын алу үшін қажет.

Бірінші вице-министрдің түсіндіруінше, чат-ботты қызметтік мақсатта пайдалануға тыйым салынған. Цифрлық даму министрінің тиісті бұйрығы да шыққан.

Сонымен қатар балама ретінде қазақстандық ғалымдар әзірлеген отандық нейрожелі ұсынылған. Төлеушиннің айтуынша, бұл — «жабық контурда, отандық серверлерде жұмыс істейтін, өзіміздің ірі тілдік модель».

Алайда бір мәселе бар: нақты бір жұмыстың қай нейрожелі арқылы орындалғанын тексеру қазіргі таңда мүмкін емес. Яғни кез келген азамат кез келген нейрожеліні қолдана алады.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.