Некеге мәжбүрлеу бойынша әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік енгізбек. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.
«Бұл жерде үш позиция бар — біріншісі бойынша айыппұл. Жасөспірім араласқан, күш қолданған [оқиғалар бойынша] қылмыстық жауапкершілік болады. Кеше депутаттар қолдаған, енді екінші оқылымға жол тартады. Айыппұлдың жай-жапсары анықталып жатыр. Бірақ ірі айыппұл болады» деді мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов.
Ол заңнамаға мұндай өзгерістерді некеге мәжбүрлеу оқиғаларының жиілеуімен түсіндірді.
Ресми мәлімет бойынша, үш жылда полицияға 214 шағым келіп түскен. Тек 10-ы ғана сотқа жеткен. Қыз бала өзіне күш қолданғанын дәлелдесе де кейбір қылмыстық істер жабылған. Депутаттың сөзінше, мұндай оқиғалардың басым бөлігі негізінен оңтүстік өңірлерде болады.