Біз
әлеуметтік
желіде
08-06-25 |
80 рет қаралған
Қазақстанда темекі бағасы тағы қымбаттауы мүмкін.
Қазақстанда темекі бағасы тағы қымбаттауы мүмкін

Қаржы министрлігі темекі өнімдеріне ең төменгі бағаны көтеруді жоспарлап отыр. Бұл елдегі шылым шегушілер санын азайту мақсатында қолға алынбақ. Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

«Ұсынылып отырған өзгеріс темекі өнімдеріне қатысты теңгерімді салық және баға саясатын жүзеге асыру үшін енгізіледі. Ұсынылған түзетулерді іске асыру темекіні тұтыну мен шылым шегудің таралуын тұрақты түрде азайтуға бағытталған Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласындағы мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді», — делінген құжатта.

2025 жылдың басынан бастап Қазақстанда темекінің бір қорабының ең төменгі бағасы 870 теңге болды.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.