Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Білім және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Вячеслав Никоновтың Бірінші арнадағы «Қазақстанның территориясы – Ресей тарапынан үлкен сыйлық» деген сөзінен кейін әлеуметтік желіде Қазақстанда таралатын орыс БАҚ-тарын жабу туралы да пікірлер айтылып жатыр. Бұған Никоновтың Ресейдің бірінші телеарнасы эфиріндегі бағдарламадан сөйлегені себеп болды. Мәселен, денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахмет: «Кешегi шовинистың сɵйлеген телеарнасы бiзде «Первый канал Евразия» деп аталады (жергiлiктi ОРТ). Кɵп адам бiлмейдi, бiрақ бұл телеарна жартылай мемлекеттiк. Яғни қазақстандықтардың салығына ɵмiр сүредi. Яғни халықтың ақшасына басқа елдiң насихаты сатып алынады. Оншақты жыл болды. Миға симайтын нəрсе. Осы дұрыс па?! Бұл мəселенi бiрде бiр депутат кɵтермедi. Қорқады» деп жазды.
Ал саясаттанушы Досым Сәтпаев билік елдегі тәуелсіз БАҚ ты қудалап, жабу арқылы елдің ақпараттық қауіпсіздігіне нұқсан келтірді дей келіп: «Сол жоғарыдағы ат төбеліндей топ ел аумағында Ресей БАҚ ның таралуына рұқсат етіп отыр. Ал олардың кейбірі Қазақстанға қатысты сепаратистік сипаттағы экстремистік ақпарат таратып отыр» дейді.
Ал ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтындағы мәліметке қарағанда, шетелдік БАҚ қа жататын Қазақстанда 183 ресейлік телеарна хабар таратады. Сондай-ақ ел ішінде жарық көретін БАҚ тың 898 тек қана орыс тілінде таралады. Министрліктің ресми мәліметінің толық нұсқасы:
Қазақстан Республикасында 2020 жылдың 19 қазанда 4597 БАҚ есепке қойылған, оның ішінде 3432 мерзімді баспа басылымы, 175 –телеарна, 74- радио, (395- ақпарат агенттігі, 265 – желілік басылым) 660–интернет БАҚ. 256- шетелдік телеарна.
Аймақтарға бөлгендегі көрсеткіштер.
Аймақ / қала | БАҚ түрі | Барлығы | ||
МББ | Электрондық БАҚ | Интернет
БАҚ |
||
Нұр-Сұлтан қаласы | 490 | 30 | 137 | 657 |
Алматы қаласы | 1112 | 62 | 134 | 1308 |
Түркестан облысы, Шымкент қаласы | 414 | 18 | 138 | 570 |
Қарағанды обл | 278 | 30 | 25 | 333 |
Алматы обл | 150 | 7 | 35 | 192 |
ШҚО | 130 | 13 | 21 | 164 |
Қызылорда обл | 131 | 7 | 21 | 159 |
Қостанай обл | 115 | 25 | 11 | 151 |
Павлодар обл | 107 | 10 | 11 | 128 |
Жамбыл обл | 86 | 5 | 44 | 135 |
Ақмола обл | 95 | 10 | 15 | 120 |
БҚО | 93 | 10 | 11 | 114 |
Ақтөбе обл | 74 | 8 | 14 | 96 |
Атырау обл | 56 | 4 | 16 | 76 |
СҚО | 60 | 5 | 9 | 74 |
Маңғыстау обл | 41 | 5 | 18 | 64 |
Барлығы | 3432 | 249 | 660 | 4341 |
БАҚ түрі.
Бұқаралық ақпарат құралдыарының көп есепте тұрғаны мерзімді баспа басылымы. Барлығы 3432 оның ішінде: газет – 2134, журнал – 1298.
Таратылу тілі.
Бұқаралық ақпарат құралдарының таратылу тілінің көпшілігі 1773 –БАҚ қазақ және орыс тілінде қатар таратылады, текқана орыс тілінде -898 бАҚ таратылады, текқана қазақ тілінде -581 БАҚ таратылады, 1345–БАҚ аралас үш тілде және оданда көп тілдерде таратылады.
Шетелдік БАҚ
2020 жылдың 19 қазандағы жағдай бойынша, 256 шетелдік теле,-радиоарнасы есепке қойылған.
Оның: 183-ресейлік телеарна, 23 – Ұлыбританиянікі, 18 – АҚШ, 16 – Эстонии, 9 – Франция, 5 – Түркия, 1 – Кипр, 1-Испания елдерінікі.
Олардың таралу тілдері: 155 телеарна орыс тілінде таратылады, 13 – ағылшынша, 68- орыс-ағылшын тілдерінде, 4- түрікше, 3- франсузша, 3- украйн- орысша, 2-орыс-татарша, 1-неміс-орысша, 3-орыс-франсузша,1-орыс-беларус тілдерінде, басқалары аралас үш және оданда көп тілдерде таратылады.